жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы қымбаттамақ

Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы қымбаттамақ
ашық дереккөзі
Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы қымбаттамақ
Өндірушілер күзде жұмыртқа бағасының қымбаттайтынын айтты. Өндірушілердің сөзінше, жұмыртқа бағасының өсуі жемнің қымбаттауымен тікелей байланысты. Егер билік жұмыртқа бағасын көтеруге мүмкіндік бермей, қандайда бір шектеу қояр болса, өндіріс құрдымға кететінін айтады олар. Оларға үкіметтің талабы бойынша сәуір айында бағаны 350 теңгеге дейін төмендетуге тура келді. Оған қоса жұмыртқаның сақтау мерзімі аз болғандықтан және көршілес Ресейден келетін өнімдер көбейгендіктен, өнім бағасын арзандаған. Нәтижесінде, қазір кәсіпкерлер өнімді өзіндік құнынан әлдеқайда арзанға сатуға мәжбүр. “Бізді С1 санаттағы жұмыртқа бағасына шектеу қойылмаса екен дейміз. C2 санатындағы жұмыртқалар үшін 2021 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін баға шектеуін қойып тастады. Жұмыртқалардың арасында 5 грамм ғана айырмашылық бар. Бұл біздің кәсібімізді құлдыратып жатыр”, – дейді құс фабрикасының бас директоры Қайрат Майшев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар