сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 12:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жаңа әуежайлар мен терминалдар салынуда

Қазақстанда жаңа әуежайлар мен терминалдар салынуда
Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жылы Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлардың құрылысы басталды

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл жобалар ішкі туризмді дамытуға, экономиканы нығайтуға және жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары пайдалануға беріліп, өткізу қабілеті айтарлықтай ұлғайды. Алматы әуежайы жылына 14 млн жолаушыны, Шымкент әуежайы 6 млн, ал Қызылорда әуежайы 2 млн жолаушыны қабылдай алады.

Қазақстанда жыл сайын әуе тасымалы 10-15%-ға артып, 2024 жылы 15 млн жолаушы тасымалданды. Әуе компанияларының паркі 102 ұшаққа жетіп, халықаралық рейстер саны 31 елге 117 бағыт бойынша көбейді. Сонымен бірге, «Қорғас – Шығыс қақпасы» жобасы аясында ірі жүк және жолаушылар терминалдары салынуда.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар