сенбі, 28 желтоқсан, 2024 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ЖОО-да оқыту форматы қалай өзгереді – Саясат Нұрбек

Қазақстанда ЖОО-да оқыту форматы қалай өзгереді – Саясат Нұрбек
ашық дереккөзі
Қазақстанда ЖОО-да оқыту форматы қалай өзгереді – Саясат Нұрбек
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім беру моделі өзгереді, онда зерттеу жасауға баса мән беріледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. «Қазір отандық ғылымның негізгі проблемасы – ғылыми зерттеулеріміз, жүзден астам ғылыми-зерттеу орталықтарымыз, ғылыми институттарымыз ЖОО-ға негізделген технопарк пен ғылыми зерттеулер, өнеркәсіп, өндіріс, нақты компаниялардың талаптарымен, өндірістік процестермен ұштастырылмаған. Яғни, ғылым өз бетімен, өндіріс өз бетімен, экономика өз бетімен жүр. Сондықтан ғылым саласында да біздің негізгі мақсатымыз – осы екі дүниені ұштастыру. Отандастарымызға қарапайым сұрақ қойсақ – қазақстандық ғылымға сенесіз бе деп сұрасақ, өкінішке орай, жоқ деген жауап аламыз. Сол сенімді қайтаруымыз керек. Ғалымдарды жаңа кейіпкерлер ретінде олардың мәртебесін қайтаруымыз керек», - деді Саясат Нұрбек ҚР Президенті Телерадиокешенінің «3 сұрақ» бағдарламасында. Сонымен бірге, Ғылым министрі ЖОО-ларды зерттеу және қолданбалы зерттеу орталықтарына айналдыру қажеттігін айтты. «Неге десеңіз, қарапайым адам мектепте 11 жыл оқиды, бұл – педагогикалық модель. Ал университетке келгенде педагогикалық емес, зерттеу моделімен жұмыс істеу керек. Яғни онда зерттеуді, ізденуді, сыни ойлауды, ақпаратпен жұмыс істеуді үйретіп, еңбек нарығына дайындауымыз керек. Ал бізде 70-80 пайыз университетте – сол дәріс, сол сынып, тақтаға шығару, үй жұмысын тексеру. Сондықтан бұл модель өзгеруі керек. Келесі жылдан бастап, біз ең мықты ЖОО негізінде арнайы орталықтар ашамыз. Яғни 120 ЖОО-ны бір сәтте, бір жылда көшіру қиынға түседі, ондай ресурсымыз жоқ. Бірақ біз пилотты түрде әр өңірде 2-3 білім оштақтарынан бастап, зерттеу моделіне көшіруді бастаймыз. Яғни, мазмұны, әдістемесі, білім беру моделі өзгеріп, енді ЖОО-лар қолданбалы ғылыммен айналысатын модельге көшеді. Келесі жылдан бастап, алты өңірлік университет негізінде технопарктер ашамыз, яғни сол ЖОО-да білім берген профессорлар, магистранттар, докторанттар, бакалаврлар өздері күнделікті білім алып қана қоймай, зерттеумен де айналысуы керек. Технопарк арқылы, патент арқылы сол зерттеулерді қолданбалы зерттеулерге айналдырып, жергілікті бизнес, жергілікті өндіріс ошақтарының пробелмаларын шешуге бағытталуы керек», - деп түсіндірді Саясат Нұрбек. Бұған дейін Саясат Нұрбек Ғылым министрлігі қалай құрылғанын айтып берген еді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар