Қазақстандық оқушылар жеке қауіпсіздік негіздерін үйренуде
- авторjambylinfo.kz
- 26 ақпан, 2025
- 175

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің балабақшалары, мектептері мен колледждерінде жеке қауіпсіздікке арналған арнайы сабақтар енгізілді. Бағдарлама шеңберінде оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған 130 түрлі тақырып оқытылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі таңда оқушылар қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте өзін қалай ұстау керектігі жөнінде білім алуда. Сандық технологияларды қауіпсіз пайдалану, интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғану және сыни ойлауды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
«Бұл сабақтар балалардың қауіпсіздігі үшін маңызды білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен өзіне деген сенімділік қалыптастыруға көмектеседі. Біз әр баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қолайлы білім беру ортасын құруға тырысудамыз», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Жеке қауіпсіздік сабақтары апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өтеді. Жыл бойы әр тақырып үш рет қайталанып, материалды терең меңгеруге ықпал етеді. Бағдарлама оқыту процесін қызықты әрі түсінікті ету үшін интерактивті әдістерді, бейнероликтерді, ойын элементтері мен практикалық кеңестерді қамтиды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз