Қазақстандық спортшылар наурызда бірқатар әлемдік бәсекелерде бақ сынамақ
- авторАрайлы Жақсылық
- 9 наурыз, 2025
- 422

10-16 наурыз аралығында қазақстандық спортшылар ел намысын бірқатар спорттық бәсекеде қорғамақ, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
🔹 10-15 наурыз – IBU биатлон кубогының 8-кезеңі
📍 Өтетін орны: Отепя қаласы, Эстония
🇰🇿 Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.
🔹 10-18 наурыз – Линьяно-Саббьядородағы пара- жүзуден халықаралық жарыс («Мировая серия Линьяно Саббьядоро»)
📍 Өтетін орны: Линьяно-Саббьядоро қаласы, Италия
🇰🇿 Қазақстан атынан 2 жаттықтырушы мен 5 спортшы өнер көрсетеді.
🔹 11-14 наурыз – Пара-үстел теннисінен халықаралық турнир («ITTF World Para Future Costa Brava 2025»)
📍 Өтетін орны: Коста-Брава қаласы, Испания
🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында 2 жаттықтырушы мен 5 спортшы бар.
🔹 12-13 наурыз – Шаңғы трамплинінен әлем кубогының кезеңі
📍 Өтетін орны: Осло қаласы, Норвегия
🇰🇿 Қазақстаннан 2 спортшы қатысады.
🔹 13-16 наурыз – Жекелеген қашықтықтар бойынша конькимен жүгіруден әлем чемпионаты
📍 Өтетін орны: Хамар қаласы, Норвегия
🇰🇿 Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
🔹 13-17 наурыз – «Жақсығұл мерген» атындағы Азия кубогы (атыс спорты)
📍 Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қазақстан
🏆 Жарысқа 10 елден 100-ден астам спортшы қатысады: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан, Үндістан, Түрікменстан, Қытай.
🔹 14-16 наурыз – Шорт-тректен әлем чемпионаты
📍 Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай
🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында 10 спортшы бар.
🔹 14-16 наурыз – FIE 2025 Гран-при (рапирамен семсерлесу, WESTEND)
📍 Өтетін орны: Будапешт қаласы, Венгрия
🇰🇿 Қазақстаннан 14 спортшы қатысады.
🔹 14-16 наурыз – Тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы
📍 Өтетін орны: Конья қаласы, Түркия
🇰🇿 Қазақстандық велоспортшылар сапында 9 спортшы бар.
🔹 14-16 наурыз – «Karate1 Premier League» (WKF) халықаралық каратэ турнирі
📍 Өтетін орны: Ханчжоу қаласы, Қытай
🇰🇿 Қазақстан құрамасынан 13 спортшы сынға түседі.
🔹 14-17 наурыз – Қазақстан Республикасы ITF таэквондосы бойынша чемпионаты (жасөспірімдер және ересектер арасында)
📍 Өтетін орны: Орал қаласы, Қазақстан
🏆 Жарысқа 15 өңірден 500 спортшы қатысады.
🔹 15-16 наурыз – Фристайл-могулдан әлем чемпионаты
📍 Өтетін орны: Энгадин қаласы, Швейцария
🇰🇿 Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынайды.