бейсенбі, 5 желтоқсан, 2024 7:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар 31 желтоқсан күні демала ма

Қазақстандықтар 31 желтоқсан күні демала ма
Фото: pexels
31 желтоқсан жұмыс күніне түсіп тұр

Отандастарымыз 31 желтоқсанда демала ма? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  
Министрліктегілердің айтуынша, 31 желтоқсанды ресми демалыс күндерінің тізіміне енгізу орынсыз. Қазақстандықтар Жаңа жылда қатарынан 4 күн демалады.

"Біз 31 желтоқсанды демалыс күні деп санаймыз. Сонымен қатар, министрлік ұлттық және мемлекеттік мерекелерді белгілеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылмайтынын атап өтеміз. Министрліктің құзыретіне өз кезегінде демалыс күндері болып табылмайтын кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту ғана кіреді", – деп атап өтті ведомствода.

Еске салайық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылған болатын.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1,2,3 және 4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1,2 және 3 қаңтар күндері демалады. 5,6 қаңтар – жұмыс күні. 7 қаңтарда Рождество мерекесіне орай демалыс беріледі.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар