сейсенбі, 1 сәуір, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдейді

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдейді
Ақорда
Бұл мүмкіндік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас ханыммен кездесуі нәтижесінде пайда болды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, әсіресе энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру және Транскаспий көлік дәлізін дамыту салаларындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге ерекше назар аударды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кая Каллас Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, ЕО мен Қазақстан арасында виза рәсімдерін жеңілдету процесінің басталғанын жариялады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастама Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы байланысты нығайтуға кең мүмкіндік ашатынын айтты.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар