Жаңалықтар
Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады
- авторjambylinfo.kz
- 17 қазан, 2022
- 160
Қазақстандықтарға тағы бір елмен визасыз режим қолжетімді бола алады
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим мәселесі премьер-министр Әлихан Смайыловтың Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесуінде қаралды, - деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Әлихан Смайылов қазақстандық азаматтарға Вьетнамға визасыз кіру мүмкіндігін беру мәселесін көтерді, бұл екі ел арасындағы сауда және туризмді дамытуға оң әсер етеді.
Во Тхи Ань Суан Вьетнамның Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне үлкен маңыз беретінін атап өтті.
"Екі ел арасындағы сенімді саяси диалог өзара әріптестікті одан әрі кеңейтуге негіз болып отыр. Географиялық жағынан тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстан әлемдегі ірі нарықтарды біріктіреді. Біз өзара тиімді бағыттарда бірлесіп жұмыс істеу үшін нақты ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз", - деді Во Тхи Ань Суан.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала