....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 5:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстандықтар қай жаста үйленеді

Қазақстандықтар қай жаста үйленеді
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар қай жаста үйленеді
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар қай жаста отбасын құратыны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  El.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап. Бюро мәліметінше, елімізде маңғыстаулықтар ертерек отбасын құрады екен – орта есеппен 26,1 жас. Ең кеш шаңырақ көтеретін ШҚО тұрғындары – 29,5 жас. Астана – 28,6 жас. Алматы – 28,8 жас. Шымкенте – 27,9 жас. 2022 жылғы өзге өңірлер бойынша мәлімет: Алматы облысы – 28,3 жас; Ақмола облысы - 28,2 жас; Ақтөбе облысы - 27,6 жас; Атырау облысы - 27,6 жас; БҚО - 27,5 жас; Жамбыл облысы - 27,7 жас; Қарағанды облысы - 29 жас; Қостанай облысы - 28,7 жас; Қызылорда облысы - 27,2 жас; Павлодар облысы - 28,7 жас; СҚО - 29 жас Абай облысы - 28,4 жас; Жетісу облысы - 28,1 жас; Ұлытау облысы - 28,6 жас; Түркістан облысы - 26,9 жас. Қазақстан бойынша некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас. 29 жасқа дейін 89 мың 4 әйел тұрмысқа шыққан. Бұл жаста үйленген ер адамдар саны – 72 мың 869. 18-ден 19 жасқа дейін - 16 мың 453 әйел және 2 мың 481 ер адам; 20-дан 24 жасқа дейін - 50 мың 528 әйел және 35 мың 503 ер адам; 25-тен 29 жасқа дейін - 24 мың 765 әйел және 41 мың 207 ер адам; 30-дан 34 жасқа дейін - 14 мың 448 әйел және 21 мың 379 ер адам; 35-тен 39 жасқа дейін - 9 мың 182 әйел, 11 мың 473 ер адам; 40-тан 44 жасқа дейін - 5 мың 256 әйел, 6 мың 456 ер адам; 45-тен 49 жасқа дейін - 3 мың 151 әйел, 3 мың 888 ер адам.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар