бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 5:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады
Қазақстан Өзбекстан аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартты. Парламент мәжілісі «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Хаттамаға 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылды. Қазір отандастарымыз көрші ел аумағында тіркеусіз небәрі 5 күн жүре алады. Ел билігі бұл мерзімді 30 күнге дейін ұзартып отыр. «Бұл құжатпен екі ел азаматтары үшін бірдей негізде уақытша есепке тұрмай, отыз күн болуға мүмкіндік берілетін норма бекітілмек. Осы мерзім аяқталғаннан кейін олар уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті. Негіздері: жұмыс істеу, емделу, оқу, отбасымен қауышу, бизнес жүргізу. Осылайша біз көші-қонды бақылаймыз», деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжілістің жалпы отырысында. Оның айтуынша, азаматтардың болу мерзімі алты ай ішінде тоқсан күннен аспауы керек. «Қазір біздің азаматтар Өзбекстанда бес күннің ішінде тіркеуден өтуге міндетті. Ал Қазақстанда міндетті тіркеу мен көші-қон карточкалары барлық шетелдік үшін 2020 жылдан бастап талап етілмейді», деді ведомство басшысы. Сәденов Өзбекстан тарапы хаттаманы былтыр сәуірде ратификациялағанын атап өтті. Жаңа құжат екі ел азаматтарының Қазақстан мен Өзбекстан аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына оң әсер етеді, деп санайды ІІМ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар