Қазақстандықтар желтоқсанда мерекеге орай бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ulysmedia.kz.-тің жазуынша, Тәуелсіздік күніне орай ел халқы 3 күн демалады.
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.
14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;
16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.
Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024