Жаңалықтар
Қазақстандықтардың зейнетақысы вагон сатып алуға жұмсалады
- авторjambylinfo.kz
- 30 қаңтар, 2024
- 257
Қазақстандықтардың зейнетақысы вагон сатып алуға жұмсалады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан «Бәйтерек» холдингінің облигацияларына салынған 173 миллиард теңге жүк және жолаушылар вагондарын сатып алуға жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министр зейнетақы қоры «Бәйтерек» облигацияларын бірінші рет сатып алып тұрмағанын еске салды.
«Зейнетақы ақшасы айналымда жүріп, сенімді қаржы құралдарына инвестициялануы керек. Соның ішінде 100% кепілдік берілген мемлекеттік бағалы қағаздар, үкіметке немесе мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік бірлестіктердің облигациялары бар. Соның бірі «Бәйтерек». Бұл инвестиция – сенімді», деді Қуантыров.
Зейнетақы қорының қаржысы инфрақұрылымдық жобаларға, дәлірек айтқанда жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады.
Министрдің айтуынша, бүгінде елімізге вагондар өте қатты қажет. Жүк және жолаушылар вагондары 50%-дан 70%-ға дейін тозған.
«Оларды отандық компаниялар жеткізеді, яғни ақша экономикада қалады. Шын мәнінде мұның пайдалы әсері мол. Жаңа жұмыс орындары құрылады», деді ұлттық экономика министрлігінің басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі» АҚ облигацияларына 173 миллиард теңге инвестиция салынатынын хабарлады.
Облигациялардың жылдық кірісі 13% болады, ал айналым мерзімі – 15 жыл.
БЖЗҚ қаражатынан басқа "Бәйтерек" облигацияларына басқа инвесторлар да инвестиция салған, алайда олар жалпы сомасы 17 миллиард теңге қағаз сатып алды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз