бейсенбі, 29 мамыр, 2025 15:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

Күміс жүлде иеленгендер:

Данияр Базарбай – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
Меңдіғали Қалдыбай – 10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;Аңсар Жақсылықов – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
Арен Теңізбаев – 10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы;
Санжар Қалиақбар – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы;
Қали Әбілмансұр – 10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
Райымбек Ғабдолла – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы.

Қола жүлде иеленгендер:

Айзере Жеңісханова – 10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы;
Нұрқожа Умарбаев – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
Ярослава Кравчук – 11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы;
Алихан Серікұлы – 11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы.

Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар