жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay.com
Қазақстанның бірқатар ірі қаласында 21 қыркүйекте ауа сапасы төмендейді.

 Синоптиктер тұрғындарға сақ болуды ескертті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"2025 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал, түнгі уақытта Атырау, Қостанай, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген ресми хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының (тымық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға мынадай ұсыныстар беріледі:

Ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластау көздерінің жанында жүруден аулақ болуға кеңес беріледі;

Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқаты бар адамдар өздерімен бірге қажетті дәрілерін алып жүргені жөн;

Үйдегі терезелер мен балкон есіктерін жабық күйде ұстау ұсынылады;

Сыртқа шыққанда қорғаныс бетпердесін (маска) тағу қажет.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар