Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 15 ақпан, 2025
- 207

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
15 ақпанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Таразда 15 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматыда 15-17 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ал Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.