Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны салдарынан 252 адам эвакуацияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2025
- 194

Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде болған су тасқынына байланысты жалпы 252 адам, оның ішінде 38 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар уақытша орналастыру пункттеріне немесе туыстарының үйлеріне жайғастырылды.
"1 наурыздан бастап 5,4 миллион текше метрден астам су сорылып, 855 мың дана қап пен 44 мың тонна инертті материал төселді. Сондай-ақ 843 мың метрге жуық арық арнасы тазартылды. Су тасқыны кезеңінде барлығы 638 адам, оның ішінде 139 бала эвакуацияланды. Қазіргі таңда олардың 380-і, оның ішінде 101 бала үйлеріне оралды", – деді ведомство өкілдері.
Солтүстік Қазақстан облысында автожолдарда үш жерде су тасуы тіркелді. Прибрежное ауылы көлік қатынасынан ажырап, онда уақытша өткел ұйымдастырылды.
Кызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное, Ольшанка, Вагулино, Соколовка, Большая Малышка ауылдары мен Петропавл қаласындағы Заречный кентінде тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу үшін тәулік бойы қаптар төсеу және қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Прибрежное ауылы мен Заречный кентінде халықты қайықтар арқылы тасымалдау ұйымдастырылған.
Большая Малышка ауылында Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты қорғаныс үйіндісінде жарықшақ пайда болды. Ауылда 666 адам тұрады. Қазіргі таңда үйлерді су баспағанымен, алдын ала қауіпсіздік үшін 148 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды.
Тепличное ауылынан 48 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Заречное ауылында су деңгейінің көтерілуіне байланысты су сору және жағдайды бақылау жұмыстары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 11,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 мамыр, 2025