Жаңалықтар
Қазақстанның дзюдошылар командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады
- авторjambylinfo.kz
- 28 шілде, 2021
- 144
Қазақстанның дзюдошылар командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады
Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды.
Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады ТОКИО-2020: Дзюдошы Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарын сәтті бастады ТОКИО-2020: Садақшы Санжар Мұсаев жарыс жолын тоқтатты Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзербайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазар» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты. Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов салған болатын. Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз