Жаңалықтар
"Қазақстанның екі азаматы мерт болды"- ҰҚК қазақстандықтардың Ресейдегі теракт кезінде өлтірілгенін растады
- авторjambylinfo.kz
- 9 наурыз, 2024
- 759
Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
«БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады», - делінген комитет таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз