Қазақстанның үш аймағында төрт су қоймасы салынады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 наурыз, 2025
- 176

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
“Бірінші кезең аясында 2025 жылы еліміздің үш өңірінде 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Оның ішінде, еліміздің оңтүстігінде орналасқан Ақмола, Қалғұтты, Қараузяк жаңадан енгізілетін 22,5 мың гектар суару алаңында вегетациялық кезеңде су тапшылығын жабуға бағытталады. Батыс Қазақстан облысында Үлкен Өзен (28 млн текше метр) су қоймасының құрылысы су тасқыны мен еріген суды ұстап тұруға және 5 мыңға жуық халқы бар Казталов ауданының 2 елді мекенін су басу қаупін болдырмауға бағытталған”, – деді су ресурстары министрі.
Сондай-ақ бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз және Түркістан облысындағы Көксарай контррегуляторы мен Қосқорған су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланған.