Қазақстандық мергендер әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қазан, 2024
- 998
Делиде (Үндістан) спорттық атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп жазады Jambylinfo.kz.
Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.
Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.
Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.
Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






