Әр қазақ Олимпиада чемпионы бола алады, тек мемлекет спортқа араласпауы керек – Арман Шораев
- авторjambylinfo.kz
- 1 тамыз, 2024
- 694
Арман Шораев «қазақтың әр баласы Олимпиада чемпионы бола алады, тек мемлекет спортқа араласпауы керек» деп санайды. Бұл туралы ол ALASH.KZ ұлттық порталында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Спортты қаржыландыру кәсіпкерлердің мойнында болуы керек. Сонда спорт саласындағы жемқорлықты жояр едік. Егер жеке кәсіпкерлер спортқа қолдау көрсетсе, бізде тек Елдос ғана емес, тағы бірнеше спортшыларымыз алтын медаль жеңіп алар еді. Бізде кейбір жарыстарға өз шәкірттері мен жерлестерін, руластарын жібереді. Соның кесірінен қаншама талантты спортшыларымыздың жолы кесіледі. Бізде қазақтың кез келген баласы Олимпиада чемпионы бола алады. Тек мемлекет спортқа араласпауы керек» деді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024