жұма, 21 наурыз, 2025 9:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азаматтардың мәселесі – басты назарда

Азаматтардың мәселесі – басты назарда
Jambylinfo.kz
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы бағаланды

«AMANAT» партиясының маңызды бағыттарының бірі – азаматтарды қабылдап, олардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру. Осы мақсатта партия филиалдарында тұрақты түрде жұмыс істейтін қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындардың түрлі мәселелерін қарастырып, олардың шешілуіне ықпал етеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2024 жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3683 өтініш түсіп, оның 2284-і (62%) оң шешімін тапты, ал қалған 1399 өтініш (38%) бойынша түсініктемелер берілді. Бұл көрсеткіш партияның азаматтардың талап-тілектеріне бей-жай қарамай, олардың әлеуметтік, құқықтық мәселелерін шешуге айтарлықтай күш салып отырғанын көрсетеді.

Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аптасына екі рет заңгер, адвокат, нотариус және медиаторлардың қабылдауы ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін заңдық кеңес беріледі.

2024 жылы 143 қабылдау өткізіліп, 305 азаматтың өтініші қаралды. Бұл жұмыстар халықтың заңдық сауатын арттыруға және олардың құқықтық мәселелерін шешуге ықпал етуде.

Сонымен қатар, өткен жылдың 25 маусымында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы өңірлік адвокаттар алқасы, заң консультанттары палатасы, нотариаттық палата және медиация орталықтарымен Меморандумға қол қойып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге уағдаласты.

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапасын бағалау мақсатында арнайы байқау ұйымдастырылды. Байқау барысында аудандық қабылдау бөлмелерінің азаматтардың өтініштерін қарау сапасы мен «Құқықтық көмек» партиялық жобасын іске асыру барысы сараланып, үздік деп танылғандар Республикалық байқауға жолдама алды.

Бұл бастама партияның халықпен тікелей жұмыс істеуін жетілдіріп, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуде тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

«AMANAT» партиясы азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, олардың мәселелерін шешуге әрдайым дайын. Қоғамдық қабылдау бөлмелері халықтың үніне құлақ түріп, әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша нақты шешім қабылдауға барынша атсалысуда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар