жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазанда Қазақстан мен Татарстан кәсіпорындары бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады

Қазанда Қазақстан мен Татарстан кәсіпорындары бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстанның жетекші өндірістік және инновациялық компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесулер барысында тараптар екіжақты экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты нығайту, инновациялық жобаларды іске асыру мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Бас консул «ИДЕЯ» инновациялық технопаркінің бас директоры Диас Сафинмен кездесу барысында технопарктің инфрақұрылымымен, зертханаларымен және өндірістік алаңдарымен танысты. Тараптар Қазақстанда «ИДЕЯ» резиденттерінің қатысуымен әзірлеу және өндіру орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Екі жақ «Ресейлік венчурлік форум» мен «KazanForum» сияқты халықаралық іс-шараларға қатысу арқылы өзара ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға уағдаласты.

Сондай-ақ Ерлан Ысқақов «ТЭМПО» холдингтік компаниясы» АҚ Бас директоры Фаил Шарифуллин және директорлар кеңесінің төрағасы Рүстем Шарифуллинмен кездесті. Татарстандық кәсіпкерлер Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін білдіріп, Қарағанды облысының Сарань қаласында инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, «ИДЕЯ» инновациялық технопаркі 2004 жылы Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен құрылған және шағын инновациялық кәсіпорындарды дамытуға арналған толық инфрақұрылымға ие. Ал «ТЭМПО» компаниялар тобы – экономиканың түрлі салаларына арналған өнім шығаратын және толық өндірістік циклді жүзеге асыратын Ресейдің ірі өнеркәсіптік концерндерінің бірі.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар