....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 11:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Қазгидромет" қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады
ашық дереккөзі
"Қазгидромет" қарашадан наурыз айына дейінгі ауа райы болжамын жариялады
2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады.
Қараша айында жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел бір ай ішінде болжанады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері жаяу бұрқасын болуы мүмкін, Қазақстан аумағы бойынша көктайғақ құбылыстары мен тұман болуы мүмкін. Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында қыс мезгілінде аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Ең суық күндері суық ауа массалары енуіне байланысты ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта -20-27°С, күндіз -8-13°С дейін; елдің оңтүстік  жартысында   және   оңтүстік-батысында түнде -3-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді. Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты ауа райы жылынады: республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін; солтүстік жартысында +3+10°С дейін. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы норма шамасында және нормадан 1° жоғары, Қазақстанның қиыр солтүстігінде – нормадан 1° төмен болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда  нормадан көп жауады деп болжанады. 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады. Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады. Қаңтар және ақпан айларында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады, желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтілуде. Наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар