сәрсенбі, 27 қараша, 2024 3:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазгидромет: жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазгидромет: жел күшейіп, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
Қазгидромет: жел күшейіп, көктайғақ болады
Бүгін еліміздің солтүстігі және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады. Қазгидромет мәліметі бойынша, күндіз Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар және Қостанай облыстарында да күн райы дәл осындай болады. Маңғыстау облысында тұман түсіп, өңірдің кейбір аумағында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Атырау облысында да секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ал Түркістан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Айтпақшы, осы ауа райының салдарынан ұшақпен жолға шыққан жолаушылар діттеген жеріне жете алмай жатыр. Түнде Ыстамбұлдан шыққан ұшақ Түркістанға қона алмай, Нұр-Сұлтанға аялдады. Жолаушылардың хабарлауынша, олар мінген ұшақ Түркістанға бүгін кешке бірақ ұшады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар