дүйсенбі, 9 маусым, 2025 6:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасының бүлдіршіндерін қуантты

ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасының бүлдіршіндерін қуантты
Фото - ашық дереккөз
Бұл игі шара балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы мейірім мен бірліктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 мекеме қызметкерлері тараздық көпбалалы отбасының бүлдіршіндеріне мерекелік сый жасады.

Құқық қорғау саласының қызметкерлері балаларға арнап тәттілер мен ойыншықтардан құралған сыйлық себетін тарту етіп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Көпбалалы отбасының анасы мерекелік ықылас пен қамқорлық үшін ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар