Жаңалықтар
Ажар Ғиният өлгеннен кейін донор болуға ниет танытқанын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 565
Ажар Ғиният өлгеннен кейін донор болуға ниет танытқанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өлген соң органдарын донорға беруге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрге «мәйіт донорлығына келісім бересіз бе?» деген сауал қойды.
«Келісемін және оған ниет білдірдім», деген Ажар Ғиният елдегі донор тапшылығы туралы айтып өтті.
«Заң жүзінде оған (адамның донор болуға келісім беруі) барлық норма бар. Министрлік жанындағы мекемеде электронды регистр жасалған. Оған қазір 40 мыңнан астам адам пікірін жазған. Соның 15%-і қайтыс болғаннан кейін өз органын басқа адамдардың өмірін құтқаруға беруге келісетінін жазған”,- деп хабарлады Ғиният.
Ресми мәліметке сүйенсек, қазір Қазақстанда 4 мың адам орган ауыстыруға мұқтаж.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024