Жаңалықтар
БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевпен келіссөз жүргізу үшін Қазақстанға келеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 тамыз, 2025
- 483
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
2025 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш ресми сапармен келеді. Сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асырылады.
Алматы қаласында екіжақты кездесу мен келіссөздер өткізу жоспарланған. Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың жұмысымен де танысады.
Бұл сапар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды қадамы болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






