бейсенбі, 13 маусым, 2024 18:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бүгін еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Жамбылинфо «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 
Ауа райының өзгеруіне байланысты Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы ықтималдығы болжанып, ескерту жарияланды. Ал Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы болжануда. 10 қаңтар күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұратыны айтылды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауатыны ескертілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар