
Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Ал Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні 2013 жылы бекітіліп, 2014 жылдан бастап атап өтіле бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттік қызмет - Конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында жоғары адамгершілік деңгей, өз қызметіне деген адалдық, патриоттық сезім мен заңдылық бұлжытпай сақтайтын қасиет болса, нәтижелі еңбек етіп, облыстың дамуына сүбелі үлес қоса алады.