жексенбі, 20 қазан, 2024 15:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Бүгін – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл атаулы күн жыл сайын қазанның үшінші жексенбісі аталып өтеді

Елімізде  Орман
шаруашылығымен айналысатын 15 мыңнан астам орманшы кәсіби мерекені атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл мереке орман шаруашылығымен айналысатын мамандар еңбегінің маңыздылығын және олардың елдің орман ресурстарын қорғауға және қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтуге арналған.

Қазір еліміздегі 160-қа жуық табиғат қорғау мекемесі мен кәсіпорнында 15 мыңнан астам орманшы жұмыс істейді. 

Жадзыгүні жасыл алқапты күзетіп, басқа уақытта тал егу шараларына тартылатын мамандардың еңбегі барлық құрметке лайық. 

Бүгінде мемлекет тарапынан орманшыларды қолдау күшейіп келеді. 
Сәйкесінше, орманшылардың жалақысы біршама артып отыр. 

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтуынша, биыл шілде айынан бастап орманшылардың жалақысы 100% өскен. 

Қазір сала мамандарының орташа айлығы 200-300 мың теңгені құрайды. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар