Бүгін «Әулиеата жастары» - тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2024
- 322
Жамбыл облысының жастарын қолдау мақсатында қолға алынған
«Әулиеата жастары» бағдарламасы биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Jambylinfo.kz. тілшісі бағдарлама шарттарын назарларыңызға ұсынады.
1. БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ:
➢ ҚАРЫЗДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ СОМАСЫ 15 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН
➢ ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ - 6%
➢ БАСТАПҚЫ ЖАРНА - 10% (1,5 млн. тг.)
➢ НЕСИЕ БЕРУ УАҚЫТЫ – 19 ЖЫЛҒА ДЕЙІН
➢ САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ - Жамбыл облысы мен Тараз қаласы бастапқы/қайталама нарықтардағы тұрғын үй, пайдалануға берілген/салынып жатқан - үлестік қатысу, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде
➢ - көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлес;
➢ - көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;
➢ - жер учаскесі бар пәтер;
➢ - жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;
➢ САТЫП АЛЫНАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰНЫ – қарыздың ең жоғары сомасынан және Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражатынан тұратын сатып алынатын тұрғын үйдің құны. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны қарыздың ең жоғары сомасынан асып кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушы сатып алынатын тұрғын үйдің құнын толық төлеу үшін ағымдағы шотқа өз қаражатынан айырма енгізуге міндеттеледі.
2. БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫСЫНАҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;
2. Жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте Бағдарлама қатысушысының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда)
болуы тиіс. Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде Бағдарлама бойынша ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана тұрғын үй алуға рұқсат беріледі;
3. Бағдарламаға қатысушы өзінің төлеу қабілеттілігін растай алатын болуы тиіс;
4. Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында айқындалған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде болмауы тиіс (тұрғын үй кезегінде болмауы қажет), өтініш берушінің немесе жұбайының (зайыбының) I, II, III мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттарын қоспағанда;
5. Бағдарламаға қатысушы өзіне немесе отбасы мүшелеріне қатысты мүгедектік туралы анықтама ұсынуы қажет (бар болған жағдайда);
6. Қатысушыда Бағдарламаға өтініш берген сәтте «Отбасы Банк» АҚ-да жинақ шоты және шотында ең жоғарғы қарыздың (15 млн. теңгенің) кемінде 10% мөлшерде жинақ ақшасы болуы тиіс;
7. Бағдарламаға қатысушының және оның жұбайының (зайыбының) соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, отбасының басқа мүшелерімен және туыстарымен бірлескен ортақ үлестік меншігі) болмауы тиіс;
8. Бағдарламаға қатысушы соңғы 3 жыл Жамбыл облысының аумағында тұрақты тіркеуде болуы керек;
9. Бағдарламаға қатысушының сайтта өтінім беру кезінде өзі таңдаған Жамбыл облысының аумағындағы елдімекеннен (қаладан/ауданнан) ғана баспана алу мүмкіндігіне ие.
3. БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ, БАҒДАРЛАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ШАРТТАРЫ:
1. Қатысушы өтінім беру процесін жеке электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырады.
2. Бағдарламаға қатысушы өтінім берген сәтте өзі жұмыс істейтін саланы және баспана алуды жоспарлаған елді мекенді (қаланы/ауданды) таңдайды.
3. Қатысушы бағдарламаның талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасын жүктей алады, өтінім жібере алады не өтінімді қайтара алады және толықтыру енгізе алады.
4. Қатысушы өтінім беруді аяқталған сәтте өзі ұсынған құжаттардың сайтқа жүктелуінің дәйектілігін және дұрыстығын, егер бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, ол конкурстан шеттетілетінін және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жауапкершілік көзделуі мүмкін екенін растайды және өзі туралы, бағдарламаға ұсынылған дербес деректерді өңдеуге, ақпараттық пайдалануға, үшінші тарапқа беруге және жариялауға келісім береді.
5. Комиссия қаражат көлеміне қарай құжаттарды толық көлемде және тиісті талаптарға сәйкес берген қатысушыларға Банкке жолдама береді.
6. Қатысушы ұсынған құжаттар Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген немесе іріктеуге қатысу кезеңінде жинақ шотынан ақшалай қаражатты (жарна сомасын) толық/ішінара ала отырып, тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шартты бұзған немесе жұмыс орнын ауыстырған жағдайда өтінім конкурстан шеттетіледі.
4. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН БАҒАЛАУ ҮШІН ҰПАЙЛАРДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ:
Бағдарламаға қатысушы заңды түрде тіркелген некенің мәртебесі, өтініш беру кезінде балалардың бар немесе жоқтығы, еңбек өтілін растайтын құжаттар және ашылған депозиті негізінде бағаланады.
- Өтінімді толтыру кезеңінде қатысушының заңды тіркелген некеде болған жылдары бойынша:
Бойдақ / ажырасқан – 0 ұпай;
0-1 жылға дейінгі аралықтағы (бір жылға дейін) тіркелген неке үшін – 1 ұпай;
2 жыл немесе одан жоғары тіркелген неке үшін – 2 ұпай.
- Қатысушының балаларының саны бойынша:
Баласы жоқ / қайтыс болған – 0 ұпай;
1 (бір) бала болған жағдайда – 1 ұпай;
Әрі қарай әрбір келесі бала үшін 1 (бір) ұпайдан қосылады.
- Өтініш берушіде немесе жұбайында I, II, IIIтоптағы мүгедектіктің немесе мүгедек балалардың болуы – 10 ұпай. Егер отбасының бірнеше мүшесінде мүгедектік болса, мүгедектігі бар отбасының әрбір мүшесіне ұпайлар беріледі.
- Қатысушының еңбек өтілі бойынша:
Жамбыл облысында «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандар ретінде өтінім берген азаматтарға жұмыс өтілі
1 жыл – 5 ұпай, жұмыс өтілі толық емес жыл үшін – қызмет саласына қарамастан 3 ұпай есептеледі.
- Қатысушының еңбек өтілі (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлері) бойынша:
0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) еңбек өтілі үшін –
1 ұпай;
Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.
- Қатысушының еңбек өтілі (мемлекеттік мекемеде және т.б. жерлерде жұмыс істейтіндер үшін) бойынша:
0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) еңбек өтілі үшін – 1 ұпай;
Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.
Ескертпе: Азаматтық қызметкерлер, техникалық қызмет көрсетушілер және т.б. кіреді.
- Қатысушының еңбек өтілі (жеке кәсіпкер болып жұмыс істейтіндер және ЖШС-те жұмыс істейтіндер үшін) бойынша:
3 жылға дейін – 0 ұпай;
Содан кейін еңбек өтілінің әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.
- Қатысушының ашылған депозиті бойынша:
0-ден 1 жылға дейінгі (бір жылға дейін) ашылған депозит үшін – 1 ұпай;
Содан кейін әрбір келесі жылы үшін 1 ұпай қосылады.
Ескертпе: Жолдама алған және резерв-ұпайларға алынған адамдардың тізімі ең жоғарыдан ең төменге дейін қалыптасады. Бағдарламаға қатысушылар (резервшілер) жинаған ұпай саны тең болған жағдайда, сайтта өтінімді уақыт бойынша бірінші болып жіберген қатысушыға басымдық беріледі.
5. БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ:
1. Бағдарламаға қатысушының жеке куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
2. Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (неке қию немесе некені бұзу немесе жұбайының қайтыс болуы туралы құжаттар);
3. Балаларының туу (қайтыс болу) туралы куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
4. Бағдарлама қатысушысы немесе отбасы мүшелеріне қатысты мүгедектік туралы анықтама (бар болған жағдайда);
5. Бағдарламаға қатысушының және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);
6. Берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні, бұйрық нөмірі және атқаратын лауазымы, мекеме атауы және 6 айлық зейнетақы аударымдары көрсетілген ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкі болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс);
7. Еңбек өтілін растайтын құжаттың түпнұсқасының электрондық көшірмесі (еңбек кітапшасы);
8. Бағдарламаға қатысушының «Отбасы банк» мобильдік қосымшасы ұсынатын QR коды бар жинақ шотының бар екендігі туралы анықтамасының электрондық көшірмесі және жинақ шотында максималды соманың 10%-ы болуы міндетті;
9. Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында айқындалған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде болмағандығы туралы анықтама (тұрғын үй кезегінде болмауы қажет) (өтініш берушінің немесе жұбайының (зайыбының) I, II, III мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттарын қоспағанда)
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз