сенбі, 7 маусым, 2025 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады

Бүгін үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады
Jambylinfo.kz
Платформа сағат 09:00-ден бастап жұмыс істейді

Бүгін үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгіннен бастап Қазақстандағы үй кезегі толығымен «Отбасы банкінің» басқаруына өтеді. Азаматтар әлеуметтік санатына қарамастан онлайн кезекке тұра алады. Ол үшін өтінімдерді қабылдауға арналған orken.otbasybank.kz порталы іске қосылған.

Есепке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, авторизациядан өту қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.

Жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Егер өтініш беруші кәмелетке толған болса және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда үйі болмаса, сондай-ақ жалғыз баспанасы қауіпті деп танылса ғана тізімге енгізіледі.

Ескеретін дүние - есепке алу кезінде отбасының барлық мүшесіне дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Оған жауап беру керек.

Бөлісу:
Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар