жексенбі, 28 сәуір, 2024 8:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бүгін – Жаңару күні

Бүгін  – Жаңару күні
Ғаламтор
Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. 19 наурыз қазақстандықтар «Жаңару» күнін атап өтеді. «Жаңару» күні ел бойынша көктемгі ағаш егу акциясы мен көктемгі экологиялық тазалық акциясы өтеді,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

"Жаңару" күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.

Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. 

Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.

Бүгін облыс орталығы Тараз қаласында және аудандарда  көптеген  көктемгі экологиялық тазалық акциясы өтеді

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар