....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Бөлменің есігін ашқанда қою түтін көрінді". Алматыдағы өрт шыққан хостелде тұрған жігіт

"Бөлменің есігін ашқанда қою түтін көрінді". Алматыдағы өрт шыққан хостелде тұрған жігіт
ашық дереккөзі
"Бөлменің есігін ашқанда қою түтін көрінді". Алматыдағы өрт шыққан хостелде тұрған жігіт
Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Хостелде тұрғаныма 2 ай болды. Алматыда жұмыс істеймін. Дабыл қоңырауын естідік. Сол кезде қою түтін шыға бастады. 1-қабатты түтін басса, жертөлеге өту мүмкін болмады, өйткені ол жердегі баспалдақтар дұрыс орналастырылмаған, жүгіріп шыға алмайсыз. Соның кесірінен шыға алмаған адам көп. Мен 1-қабатта болдым. Біз шыққаннан кейін терезелер мен артқы есіктер ашылды. Шамамен хостелде 60-70 адам болды. Таңғы 5-те дабыл соғылды. Біз 10-15 минутта шығып үлгердік, кейін 15-20 минуттан кейін өртсөндірушілер келіп, қалғандарын шығарды. Бөлменің есігін ашқанда қою түтін көрінді. Жертөледегілер киімдерін алуға да уақыты болмады. Мен киімдерімді алып шықтым. Алдымен 30 адам шықтық, қалған 30 адам қалды. Өрт неден шыққанын білмеймін, тоқтан болуы мүмкін, онда тоқтар бірп-біріне жалғанып, қалай болса солай тұрады. Кеше матрацтарды алып келген, солардың қасында тоқтар ашық жатқан", - деді ол. Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95763/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар