жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-да есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды

БҚО-да есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды
Фото: Polisia.kz
Тергеу барысында құрамында есірткі заты бар 47 түп өсімдік тәркіленді.

 «Қарасора — 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсірген. Тінту барысында оның ауласынан жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын, көлеңке торымен жабылып, автоматты суару жүйесімен қамтамасыз етілген жасырын жылыжай табылды. Аталған жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдіктер өсірілгені белгілі болды.

Күдікті тұқымдарды осы жылдың көктемінде сатып алып, сәуір айынан бастап өсірумен айналысқанын мойындады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция есірткі шөптерін заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Бұл бағыттағы алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар