....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 9:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

БҚО әкімі Қабірхан сәйгүліктің иесін құттықтады

БҚО әкімі Қабірхан сәйгүліктің иесін құттықтады
ашық дереккөзі
БҚО әкімі Қабірхан сәйгүліктің иесін құттықтады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев  Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінде жеңіске жеткен әйгілі Қабірхан сәйгүліктің иесі кәсіпкер Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады деп хабарлайды Jambylinfo. Басқосуда аймақ басшысы Тілек Мұқанбетқалиевті үздік арғымақ баптап, әлемдік додада жеңіске жетуімен құттықтады.
          «Бұл барша Қазақстанның жеңісі. Еліміздің көк туы кезекті рет әлемдік аренада асқақтап, мерейіміз үстемдеді. Бұл жеңіс – өңірімізде, жалпы елімізде ат спортының дамуына серпін береді»- деді Нариман Төреғалиев.
Өз кезегінде Тілек Мұханбетқалиев өңірдегі ат спортының дамуына қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс басшылығына алғыс білдіріп, биыл елімізде өтетін  Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында облыс атынан бәйгеге ат қосуға дайын екендігін айтты.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар