....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Бұрқасын, көктайғақ: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұрқасын, көктайғақ: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Бұрқасын, көктайғақ: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 9 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Жамбылинфо.

Қарағанды облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз батыста, солтүстікте, облыс орталығында көктайғақ болады. Оңтүстігінде, батысында және облыс орталығында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с болады.

Петропавлда түнде батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жезқазғанда күндіз қарлы боран соғады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысындағы жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда түнде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында бұрқасын болады. Облыс орталығында солтүстіктен оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстік жартысында бұрқасын, тұман болады деп болжанды. Батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Павлодарда түнде бұрқасын болады. Батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың батысы мен шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында, батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батысқа ауысады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар