жексенбі, 24 қараша, 2024 6:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бағаның қымбаттауына біраз нәрсе әсер еткен

Бағаның қымбаттауына біраз нәрсе әсер еткен
ашық дереккөзі
Бағаның қымбаттауына біраз нәрсе әсер еткен
Баға неге бас бермей барады? Азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына не себеп болған? Жамбыл облысында 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы инфляция 101,9 % құрады. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша 7 орында. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов осылай деді.  Спикердің айтуынша, азық-түліктер бойынша аймақтағы инфляция 103,1% құрап, республикада 5 орынды көрсеткен. Ал әлеуметтік азық-түліктер инфляциясы 104,2% елдегі меже бойынша 1 орынға шығып отыр. Қаржылық құнсыздану 1% өсіп кеткен. Оған қарақұмықтың 2,9%, күнбағыс майының 2,8%, картоптың 4,2%, қанттың 3,5%, жұмыртқа 4,3% бағаларының көтерілуі әсер еткен. Дегенмен, құны төмендеген тауарлар да бар. Мәселен, күріш 1,2% және сүзбе 0,1%. Ірі сауда орындарындағы өткен жылғы төмендетілген бағадан жинақталған тауарлар қоры кеміген. Биыл жинақталатын қор өндірушілердің белгілеген бағасына байланысты жаңаша қалыптасқан. Сондықтан баға шарықтаған. «Картоп бағасының қымбаттауына былтырғы қор үлесінің кемуі, сақтау шығындары мен Павлодар, Қырғыз, Ресейден жеткізілетін картопқа тасымал шығындарының артуы себеп. Қарақұмық бағасына былтырғы ірі сауда орындарының төмен бағадан алған қордың таусылып жаңаруына байланысты болды. Күнбағыс майының қымбаттауы былтырғы жылдың тамыз айында күнбағыс дәндеріне көтерілген баға әсерінен өндірушідегі өзіндік құн артты. Өндіріс орындары Алматы, Павлодар, ШҚО облыстары мен Ресейлік импорттың үлесі. Жұмыртқаның қымбаттауы Солтүстік өңірлер мен Алматы облысындағы  құс тұмауы салдарынан өндіріс төмендеуінен болды», - деп атап өтті Қ. Аманов. Қазір аймақта  соғылып жатқан әлеуметтік дүкендер баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге  әсер етуде. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Тараз қаласында 16 әлеуметтік дүкенді ашу жоспарланған. Бүгінде оның 13-і жұмыс істеп тұр. Барлық аудан орталықтарында осындай 10 әлеуметтік дүкендер ашылған. Нұрдаулет Асан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар