
Олимпада чемпионына Бэл Баркер кубогы Қазақстан бокс федерациясының септігімен қайтарылған
Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтіп, онда олимпиада чемпионына Вэл Баркер кубогын табыстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Вэл Баркер Кубогы - Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды.
Бір айта кетерлігі, Бақтияр Артаев өз кубогын бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді.
Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, бүгін Вэл Баркер Кубогы өз иесіне қайта табысталды.
Келесі мақала