Жаңалықтар
Бала мектепте алдымен білім алуы керек, ал діни наным-сенімін ержете келе өзі шешеді - министр
- авторjambylinfo.kz
- 11 қыркүйек, 2023
- 544
Бала мектепте алдымен білім алуы керек, ал діни наным-сенімін ержете келе өзі шешеді - министр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді. «Ата Заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз - зайырлы елміз. Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді.
Конституциямыз бойынша мектептің міндеті – ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету. Сондықтан да мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Дереккөз: Қазақстан ұлттық арнасы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026






