Жаңалықтар
Балалар ауруханасына хакерлік шабуыл: 350 млн теңге ұрланды
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2025
- 641
2024 жылдың мамыр айында Жамбыл облыстық балалар ауруханасының есепшотына хакерлік шабуыл жасалған.
Шабуыл нәтижесінде есепшоттан 350 миллион теңге қаражат ұрланған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Жамбыл облысының полициясы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталып, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.
Ұрланған қаражаттың 305 миллион теңгесі аурухананың есепшотына қайтарылды. Қылмыстық іс материалдары одан әрі қарастыру үшін Жамбыл облысының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Жаңалықтар
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






