"Баласы барын дәлелдеп жүгірмеуі керек". Депутат көпбалалы аналар мәселесін көтерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қараша, 2024
- 433
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы көпбалалы аналарға күміс және алтын алқасы уақытында берілуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік сала мамандары 20 миллионыншы болып туған қазақстандықтың қай уақытта дүниеге келгенін, тіпті оның минут, секундына дейін тауып алған. Демек оны білуге әліміз жететін болса, онда алтыншы немесе жетінші болып туған баланы тауып алу қиын емес деп ойлаймын. Сондықтан дәл мереке күндері ғана телекамералар қосылған кезде аналарға гүл беріп, жақсы атанбай, алтыншы немесе жетінші баласын дүниеге әкелді ме, гүлін беріп, көпбалалы ана деп танып, күміс пен алтын алқасын шыққан кезде беретін болса, керісінше мәртебе артады деп есептеймін, - деді депутат.
Нартай Аралбайұлы аналар құжат жинап жүгірмеуі керегін атап өтті.
Көпбалалы аналар алтыншы, жетінші баласы барын дәлелдеп, құжат жинап жүгірмеуі керек. Оларға күміс және алтын алқа уақытында берілуі тиіс, - деп жазды Мәжіліс депутаты.