жексенбі, 19 мамыр, 2024 10:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Балуан Шолақ ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі

Балуан Шолақ ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі
ашық дереккөз
Балуан Шолақ ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі әкімі Данияр Сандыбаев өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

«Балуан Шолақ ауылында 80 келушіге арналған спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Спорт нысаны 800 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны – 150 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша биылғы жылдың маусым айында толықтай аяқталып, ел игілігіне беріледі, - дейді округ әкімі Данияр Көкталұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту үшін спорт кешендерін арттыруды тапсырған еді.

 – Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар