жұма, 19 сәуір, 2024 14:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Балуандар Польшада белдеседі

Балуандар Польшада белдеседі
ашық дереккөзі
Балуандар Польшада белдеседі
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Польшаның Закопане қаласында шымылдығы түрілетін халықаралық жарысқа қатысады.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, рейтингтік ұпай беретін Ziółkowski Memorial жарысында Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды. 8-12 маусым күндері өтетін Польша бозкілемінде ел намысын Алматыда өткен Азия чемпионатында күміс жүлде олжалаған Адлан Асқаров (61 кг), әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Азия біріншілігінің чемпионы Дәулет Ниязбеков (65 кг), биылғы Азия чемпионы Сырбаз Талғат (70 кг), екі дүркін Азия чемпионы (70, 74 кг салмақта), 2019 жылы елордада өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов (74 кг), екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсанов (74 кг), биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әлішер Ерғали (97 кг), халықаралық жарыстардың жүлдегері Серік Бақытханов (97 кг) және Азия чемпионы Олег Болтин (125 кг) қорғайды.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар