Бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуі тиіс – Қайрат Жолдыбайұлы
- авторjambylinfo.kz
- 26 шілде, 2024
- 437
Қостанай облысының Бас имамымен болған шулы оқиғаға қатысты ғалым Қайрат Жолдыбайұлы өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбесінен жай түскендей әсер еткен.
«Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді. Бәлкім әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі ішкізіп, сосын арнайы тапсырыспен ұстатты ма екен? Егер имамның ары таза болса, адвокат жалдап, өзін қорғауы тиіс», - дейді Жолдыбайұлы.
Сондай ақ, ол егер жағдай расталса, Бас мүфти қызметінен кетуі керек дегенді айтты.
«Ал рас болса, онда бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуге тиіс. ҚМДБ түбегейлі рефермолануы шарт», - деп түйіндеді ойын.
Еске салсақ, күні кеше Қостанай облысының бас имамы түнгі клубтың маңында мас күйінде көлік айдағаны үшін ұсталып 15 тәулікке қамауға алынған-тын. Кешкісін ҚМДБ оның қызметтен қуылғаны белгілі болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024