бейсенбі, 5 желтоқсан, 2024 0:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақ ауданында ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді

Байзақ ауданында ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді
Фото:Облыстық полиция департаменті
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 51 жастағы аудан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 15 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соттың шешімімен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкциясы берілді.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа ақпараттары жариялауға жатпайды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар