жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әбден қорықтым»: Ләйлә Сұлтанқызы баласының бір сынақтан аман қалғанын айтты

«Әбден қорықтым»: Ләйлә Сұлтанқызы баласының бір сынақтан аман қалғанын айтты
Сурет ашық дерекөзден алынды
Тележурналист сапарға кеткен ұлының жағдайына алаңдаған

Белгілі тележүргізуші Ләйлә сұлтанқызы желідегі парақшасына сары уайымға салған баласы туралы жазды, –  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ләйлә  Сұлтанқызының жазуынша, ұлы ұшақпен Астанаға жете алмай, Түркістанға кетіп қалған.

«Кеше ұлым Дишинка апамен бірге сағат Астанадан Алматыға ұшуы керек болатын. Scat рейсі қайта-қайта кейінге шегерілді. Қандай да бір себептерге байланысты шығар, білмеймін. Сосын балам FlyАrystan ұшағына отырып, кешке қонуы керек болатын. 19.00-ден бастап балама хабарласамын, телефоны өшірулі. Кеш болды, бір уақытта, 21.00-ге таман ғой деймін, баламнан хабарлама келіп тұр: «Анашым, біз Түркістанға қондық. Алматының ауа райына байланысты. FlyАrystan шұғыл Түркістанға қарай ұшып кетті» деген. Ойбай, енді не болады, 22.00-дегі рейстің күйетіні бар, бұл қалай болады, баланың қорыққаны бар. Екі-үш рет Алматының үстінен айналып, ұшақ қона алмаған. Себебі кеше Алматыда жаңбыр болды, жел болды. Қасында отырған Ерболат Жанабылов тіпті қоштасу видеосын жазған. Оны балам айтқанда тіпті қорықтым», -дейді ол.

Оқыс оқиғаға тап болған тележурналист анасы екеуі дұға оқып, мешітке садақа берген.

«Анашым, бар білетін 2-3 дұғамды оқыдым. Қайта-қайта оқыдым дейді. Таңертең тұра сала мал садақа, мешітке садақа беріп, Құран оқыттым, апаны шайға шақырдым. Аман болайық!» – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желіде оқырмандары қолдау білдіріп, «Қорыққан түбі қуаныш» екенін жарыса жазды.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар