дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әбдіжаппар Әлқожа сот шешімімен он тәулікке қамалды

Әбдіжаппар Әлқожа сот шешімімен он тәулікке қамалды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Әншінің тәртіп бұзып, полиция қызметкерлеріне ұсталғаны туралы тың деректер шықты, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, полиция Toyota Camry көлігін тоқтатып, тексеру барысында оқиғаның мән-жайы ашылған.  Аталған көлік жүргізушісі көлік басқару құқығынсыз рөлде отырған. Ал KIA Carnival көлігінде жолаушы болған Әбдіжаппар Әлқожа құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. «Көлікті айып тұрағына жеткізген кезде KIA Carnival автокөлігінің жолаушысы азамат М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Ер адам медициналық тексеруге алынды. Оның қорытындысы бойынша алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесі анықталды», – делінген хабарламада. Нәтижесінде, көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны үшін «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен  KIA Carnival көлігінің жолаушысы Әбдіжаппар Әлқожа екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар