....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 3:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Белгілі сатирик, театр және кино актері Асқар Наймантаев өмірден өтті

Белгілі сатирик, театр және кино актері Асқар Наймантаев өмірден өтті
ашық дереккөзі
Белгілі сатирик, театр және кино актері Асқар Наймантаев өмірден өтті
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы, 17-маусым күні, Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етіп, «Бүгін менің туған күнім» атты концерттік жобасы Республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткен дәстүрлі халық сүйген жобаға айналды. «Мұқағали атындағы сыйлықтың» құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады. 2008 жылдың 8 желтоқсан күнгі жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашты. Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер өз инстаграм парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар